Әлемнің бірінші нөмірлі ракеткасы Токио ойындарының финалына өте алмады

0
399

Джокович жартылай финалда германиялық теннисші Александр Зверевке есе жіберді.


Әлемнің бірінші нөмірлі ракеткасы Токио ойындарының финалына өте алмады

ERNUR.KZ. Әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі сербиялық Новак Джокович Токио Олимпиадасының ақтық ойынына өте алмады, деп жазады Vesti.kz.

Джокович жартылай финалда германиялық теннисші Александр Зверевке есе жіберді. Матч 6:1, 3:6, 1:6 есебімен аяқталды. Ойыншылар екі сағаттан аса өнер көрсетті.

Токио Олимпиадасының финалында Зверев ресейлік Карен Хачановқа қарсы ойнайды.