Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazsport және Sport+ Qazaqstan телеарналарынан көруге болады.
Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
ERNUR.KZ. Бүгін, 12 қыркүйекте, Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар ширек финал мен жартылай финалда рингке шығады, деп жазады zakon.kz.
Назым Қызайбай мен Санжар Тәшкенбай ширек финалда өнер көрсетіп, Ливерпульде өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы Әлем чемпионатында өздеріне жүлде қамтамасыз етуге тырысады.
Финалға шығу үшін мына спортшылар жұдырықтасады:
- Виктория Графеева;
- Аида Әбікеева;
- Елдана Тәліпова;
- Айбек Оралбай.
Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazsport және Sport+ Qazaqstan телеарналарынан көруге болады.
1–4 қазан аралығында Алматыда ISU Challenger сериясындағы дәстүрлі мәнерлеп сырғанау бойынша халықаралық турнир – Денис Тен мемориалы өтеді.