Америкалық БАҚ Әлімханұлын ресейлік қылып қойды

0
640

"Орта салмақта өнер көрсететін ресейлік Жәнібек Әлімханұлы канадалық МакЛелланды кездесудің бесінші раундында тоқтатты",-деп жазған портал.


Америкалық БАҚ Әлімханұлын ресейлік қылып қойды

ERNUR.KZ. Америкалық Fightnews.com порталы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының жеңісіне арналған материалында дөрекі қате жіберді, деп жазады Prosports.kz.

17 тамызда Әлімханұлы канадалық Стюарт МакЛелланды техникалық нокаутпен жеңген болатын.

«Орта салмақта өнер көрсететін ресейлік Жәнібек Әлімханұлы канадалық МакЛелланды кездесудің бесінші раундында тоқтатты. Әлімханұлының жойқын соққыларынан кейін төрешіге араласып, жекпе-жекті тоқтатуға тура келді», - деп жазды портал.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек басталмас бұрын да жанжал шыққан еді. МакЛеллан кездесуге санаулы күн қалғанда Әлімханұлын Боратқа теңеп, оны әжуалаған еді. Бірақ кейін орынсыз қалжыңы үшін қазақстандықтардан кешірім сұраған болатын.