Жартылай финалдың екінші жұбында Аргентина мен Франция шеберлік байқасты.
Фото: FIFA.com
ERNUR.KZ. Футзалдан әлем чемпионатының финалында Бразилия және Аргентина құрамалары кездеседі, деп жазады inform.kz.
Жартылай финалдың екінші жұбында Аргентина мен Франция шеберлік байқасты. Ойын барысында франциялық ойыншылар азулы қарсыласына лайықты төтеп бере білді. Қос құрама 37-минутқа дейін екі-екі голдан соғып үлгерді. Аргентиналық Клаудиньо соққан гол өз құрамасына жеңіс алып келді. Осылайша Аргентина құрамасы қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктіріп, финалға берілген екінші жолдамаға қол жеткізді.
Енлі олар 6 қазанда финалда Бразилиямен ойнайды. Дәл сол күні 3-орын үшін Франция мен Украина кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы ширек финалда Аргентинаға жол берген еді.
Қазақстан биыл D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде өз тобында Испанияны алға жіберіп, екінші орын алды. Одан кейін 1/8 финалда Португалияны 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.