Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үш кездесуін сәтті өткізді.
ERNUR.KZ. Қазақстандық, әлемнің 829-ракеткасы, 18 жастағы Аружан Сағындықова Монастир (Тунис) ITF W15 турнирінің жартылай финалына өтті, деп жазады ҚазАқпарат.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үш кездесуін сәтті өткізді.
Аружан алдымен үндістандық Смрити Бхасинді 6:2, 6:3 есебімен жолдан тайдырды. Содан кейін даниялық Элина Ямшидиден айласын асырды – 6:0, 6:3.
А.Сағындықова ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 1319-орында тұрған словакиялық Лаура Цилекованы 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық жас теннисші финалға шығу үшін әлемнің 880-шы, доданың 6-ракеткасы, литвалық Андре Лукошютемен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукиннің Дэвис кубогінде күтпеген нәтиже болуы мүмкін екенін айтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Юлия Путинцева жұптық сында Осака турнирінің финалына шықты.
Қазақстан – Болгария матчының жеребесітартылды.