"Астана" велокомандасының тағы бір спортшысы "Джиро-2024" сапында ойыннан шет қалды

0
332

Бір апта бұрын Джиро-2024-те жарақат алғандардың тізімін Алексей Луценко мен Макс Кантер толықтырған болатын.


ERNUR.KZ. 19 мамырда әйгілі "Джиро д'Италия-2024" велокөпкүндігінің басталуына Astana Qazaqstan Team-дің бес өкілі ғана шықты. 25 жастағы қазақстандық Вадим Пронский ауруына байланысты тізімге енбеді, деп жазады zakon.kz.

Қазіргі "Джироның" 15-ші кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық велокоманданың бес өкілі мәре сызығын кесіп өтті. Вадим Пронский өзінің ауруына байланысты итальяндық жарыстан шығып қалған екі әріптесінің қатарына қосылды.

Бір апта бұрын Джиро-2024-те жарақат алғандардың тізімін Алексей Луценко мен Макс Кантер толықтырған болатын.


Сонымен қатар, словениялық Тадей Погачар, жалпы классификацияның "қызғылт жейдесінің" иегері, "Джиро д' Италия-2024" корольдік 15-ші кезеңін жеңіп алды. Мұндағы қазақстандық команданың үздігі 20-шы позицияда мәреге жеткен Лоренцо Фортунато болды. Итальяндық қазір жалпы есепте 11-ші орында, көшбасшыдан 14 минут 14 секунд артта қалды.