Аты аңызға айналған футболшы Диего Марадона қайтыс болды

0
795

​Әйгілі спортшы небәрі алпыс жаста еді. Қазан айының соңында оның миына ота жасалғаны хабарланып отыр.


Аты аңызға айналған футболшы Диего Марадона қайтыс болды

ERNUR.KZ. Футболдан әлем чемпионы аргентиналық Диего Марадона қайтыс болды, деп жазады sputniknews.kz.

Ол небәрі 60 жаста еді.

Әйгілі спортшы 30 қазан күні медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілген. Миына ота жасалды. Марадона 12 қарашада ауруханадан шықты.

30 қазанда Марадонаның 60 жасқа толуына орай Аргентина чемпионатының 1-турында оның командасы "Химнасия и Эсгрима" "Патронато" (3:0) матчы өтті. Сол күні әйгілі спортшы көпшілік алдына соңғы рет шықты. Матч басталмас бұрын оған естелік тақта сыйға тартылды. Марадонаның емделіп кетуіне алкогольдік және есірткі тәуелділігінің салдары кедергі болғаны айтылып отыр.

2018 жылы ФИФА сайтындағы дауыс беруге сәйкес, Марадона ХХ ғасырдың үздік футболшысы атанды. Ол "Архентинос Хуниорс", "Бока Хуниорс", "Барселона", "Наполи", "Севилья" және "Ньюэллс Олд Бойз" клубтарында ойнады. 91 матч өткізіп Аргентина құрамасы сапында 34 гол соқты. Диего Марадона 1986 жылы футболдан әлем чемпионы атанды.

Марадона Аргентина құрамасы, аргентиналық "Расинг" және "Химнастия" клубтарының бапкері болды. Бұдан бөлек, "Аль-Васл" және "Аль-Фуджайра" араб клубтарын жаттықтырып үлгерген. Аз уақыт Беларусьтің "Динамо Брест" клубының президенті болды.