Бакуде қазақ күресінен XII әлем чемпионаты өтеді

0
118

Екі күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер арасында барлығы 16 салмақ дәрежесі бойынша жүлдегерлер анықталады


Бакуде қазақ күресінен XII әлем чемпионаты өтеді

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. 22-23 тамыз күндері Әзербайжан астанасы Бакуде қазақ күресінен ересектер арасындағы XII Әлем чемпионаты өтеді, деп жазады sputnik.kz.
Байрақты бәсеке Baku Sports Palace спорт кешенінде ұйымдастырылады.
"Әлем чемпионатына 30-ға жуық елден 300-ден астам спортшы қатысып, екі күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер арасында барлығы 16 салмақ дәрежесі бойынша жүлдегерлер анықталады", - деп жазылған хабарламада.
Ерлер 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 кг, ал әйелдер 48, 52, 56, 60, 65, 70, 77 және +77 кг салмақ дәрежелерінде белдеседі. Жарыс бағдарламасына сәйкес, әр күні іріктеу және жартылай финалдық белдесулер, финалдық кездесулер мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.
Чемпионатты United World Wrestling халықаралық ұйымының талаптарына сәйкес Qazaq Kuresi қауымдастығы мен Әзербайжан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырады.
Бакуде өтетін XII Әлем чемпионаты қазақ күресін халықаралық деңгейде одан әрі дамытуға, ұлттық спорттың беделін арттыруға және әлем елдері арасындағы спорттық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді, дейді министрлікте.