Үш рет әлемнің үздік ойыншысы атанған Феррао каталондық клубпен қоштасып үлгерген.
ERNUR.KZ. Бразилиялық форвард Карлос Вагнер Гуларте Фильо (Феррао есімімен танымал) мансабын Қазақстанда жалғастырады, деп жазады vesti.kz.
Үш рет әлемнің үздік ойыншысы атанған Феррао каталондық клубпен қоштасып үлгерген. Жуық арада "Семей" командасының қатарына қосылады.
33 жастағы бразилиялық үш рет Испания чемпионы (2018/19, 2020/21, 2021/22), екі рет Чемпиондар лигасы жеңімпазы, үш рет әлемнің үздік футзал шебері марапатына ие болды.
Айта кетейік, биыл "Семей" "Қайраттың" жылдар бойы жалғасып келе жатқан чемпиондық жорығын тоқтатып, ел чемпионы атанған еді.