"Барселона" жапондық ойыншыныға қызығушылық танытып отыр

0
895

Трансфер 2022/23 маусымы аяқталғаннан кейін жүзеге асуы мүмкін.


ERNUR.KZ. Жапония ұлттық құрамасының және Франкфурттың "Айнтрахт" клубының жартылай қорғаушысы Даити Камада "Барселонаның" назарын аудартты, деп жазады vesti.kz.

Трансфер 2022/23 маусымы аяқталғаннан кейін жүзеге асуы мүмкін. "Frankfurter Rundschau" хабарлауынша, ойыншының "Айнтрахтпен" келісімшарты аяқталып, еркін агент болғаннан кейін "Барселона" Даитиді 2023 жылдың жазында қабылдауға дайын.

"Барселона" басшылығының 2023 жылдың жазында трансфер жасау кезінде сүйенетін ережелердің бірі - еркін агентпен келісімшартқа отыру. Клуб қаржылық қиындықтарды бастан кешіруде, сондықтан командаға трансферлер барынша аз шығынмен жүзеге асырылады.

Камада Катарда өткен әлем чемпионатында төрт кездесуге қатысып, гол соққан жоқ. Клуб сапында 22 ойынға қатысып, 12 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.