«Барселона» клубының вице-президенті Хорди Кардонер футболшының трансфері туралы мәлімметтерді жоққа шығарды.
ERNUR.KZ. Испанияның «Барселона» клубының бас бапкері Эрнесто Вальверде командасының Францияның ПСЖ ұжымынан Неймарды қайтарып алу туралы мәліметке өз піркірін білдірді.
«Мен Неймармен бар жоғы 15 күн бірге жұмыс атқардым. Маусымның басында бұл туралы ойымды айтсам болатын еді, бірақ ол қазір басқа клубтың құрамында ойнайды. Сол үшін де Неймардың «Барселонаға» оралады деген мәліметтер шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта трансфер айнасы жабық, сол үшін футболшыны құрамымызға қосып ала алмаймыз. Бразилиялық шабуылшының трансфері барысында көп әңгімелесуге болады. Бірақ, алдағы уақытта «Неймар «Барселонаға» келе ме?» деген сауалға жауап аламыз», - дейді Вальверде.
Ал, «Барселона» клубының вице-президенті Хорди Кардонер футболшының трансфері туралы мәлімметтерді жоққа шығарды.
«Директорлар жиналысында ешкім Неймарды командаға қайтару бойынша пікір білдірген жоқ. Егерде біз шынымен бразилиялық футболшыны командамызға шақыратын болсақ, басшылармен трансфердің қыр-сырын талқылайтын едік», - дейді Кардонера.
Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн бұрын 26 жастағы Неймар «Барселона» клубына оралу ниеті бар екенін білдірген болатын.