"Барыс" клубының бұрынғы басшыларына қатысты тергеу басталды

0
99


Фото: hcbarys.kz
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Барыс" хоккей клубының бұрынғы жетекшілеріне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп жазады Stan.kz.




Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды облысы бойынша департамент ауыр салдарға алып келген қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды.

Еске салайық, "Барыс" хоккей клубы 2024/2025 жылғы маусымда ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында соңғы орыннан көрінген болатын. Команда 68 матчтың қорытындысы бойынша бар болғаны 35 ұпай жинаған.