Бекзад Нұрдәулетов бокстан әлем кубогында алтын алды

0
141

Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Бекзад Нұрдәулетов (85 келі) алтын медаль алды.


Бекзад Нұрдәулетов бокстан әлем кубогында алтын алды

Фото: Қазақстан ҰОК

ERNUR.KZ. Жартылай финалда Бекзад үндістандық Джугнумен қолғап түйістірді, деп жазады kaz.inform.kz.

Алғашқы раундта ол қарсыласын нокаутқа түсірді. Екінші раунд та Бекзадтың басымдығымен аяқталды. Шешуші раундта да ол сыр берген жоқ.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы әлем кубогының алтынын алды.

Б. Нұрдәулетов 1999 жылы дүниеге келген. 2019 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алса, 2024 жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. 2020 жылдан бері кәсіпқой бокста да шаршы алаңға шығып жүр.

Ал Нұрбек Оралбай (80 келі) финалда франциялық Йожерлен Сезарға есе жіберді.

Нұрбек Оралбай 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері болды. Оған қоса 2018 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы атанса, 2022 жылы Азия ойындарында қола медаль еншілеген.

Енді финалда Алуа Балқыбекова (51 келі), Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Надежда Рябец (75 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын жүлдені сарапқа салады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі) алғашқы алтынды қоржынға салды.

Ал Махмуд Сабырхан (55 келі) жекпе-жек өткізбестен чемпиондық атаққа қол жеткізді. Оның қарсыласы Руй Ямагучи шаршы алаңға шығудан бас тартты.
Ал ел құрамасынан Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.
Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.

Әлем кубогы 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтеді.