Бекзат Алмахан UFC тарихында Қазақстан атынан ең жылдам нокаут жасаған спортшы атанды

0
353

Үш раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек небәрі 64 секундта аяқталды.


Бекзат Алмахан UFC тарихында Қазақстан атынан ең жылдам нокаут жасаған спортшы атанды

Фото: Бекзат Алмаханның желідегі парақшасынан
ERNUR.KZ. Қазақстандық ММА спортшысы Бекзат Алмахан (12 жеңіс, 2 жеңіліс) UFC-де екінші жекпе-жегін өткізді. Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде ол алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Stan.kz.




27 жастағы Бекзат алдын ала картада 33 жастағы жергілікті спортшы Брэд Катонамен (14 жеңіс, 5 жеңіліс) жекпе-жекке шықты. Үш раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек небәрі 64 секундта аяқталды. Бекзат қарсыласына нақты соққы жасап, оны нокдаунға түсірді де, ары қарай ұрып, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Бұл Бекзаттың кәсіпқой мансабындағы 12-жеңісі болды. UFC-дегі көрсеткіші енді 1 жеңіс, 1 жеңіліс. 2024 жылдың наурызында ол UFC-дегі алғашқы кездесуінде ресейлік Умар Нурмагомедовтен төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген еді. Алайда сол кездесуде де ол Умарды бірінші раундта нокдаунға түсіріп, есте қалған еді.

Ал Катона үшін бұл ММА-дегі 19 жекпе-жегінде алған алғашқы мерзімінен бұрынғы (техникалық нокаутпен) жеңілісі болды.