В.Графеева 60 келіге дейінгі салмақта тайбэйлік Чень Сюань Енмен қолғап түйістірді.
ERNUR.KZ. Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін қазақстандықтардан соңғы болып Виктория Графеева рингке көтерілді, деп жазады inform.kz.
В.Графеева 60 келіге дейінгі салмақта тайбэйлік Чень Сюань Енмен қолғап түйістірді.
Виктория қолы мен бойының ұзындығын пайдаланып, қарсыласын бірінші раундта-ақ нокдаунға жіберді. Екінші кезеңде тайбэйлік боксшы үшінші нокдаунын алғаннан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, бейсенбі күні шаршы алаңға шыққан алты қазақстандық боксшының бесеуі жартылай финалға жолдама алды.