Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасындағы жанжал: Сәрсекбаев Артаевқа үндеу жолдады

0
895

Екі боксшының арасындағы дау Ангелина Лукастың Қазақстан чемпионатында Назым Қызайбайдан жеңіліп қалғанынан, кейіннен Токио олимпиадасына жолдама ала алмай қалғанынан басталған.


Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасындағы жанжал: Сәрсекбаев Артаевқа үндеу жолдады

ERNUR.KZ. Бокстан 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында чемпион атанған Бақыт Сәрсекбаев 2004 жылғы Олимпиада жеңімпазы, қазіргі Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Бақтияр Артаевқа үндеу жасады, деп жазады Stan.kz.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасындағы жанжал аясында Сәрсекбаев боксшы Ангелина Лукасты отандасы Назым Қызайбайға қарсы жекпе-жекке дайындайтынын мәлімдеді.

"Лукасқа жаным ашыды, оның беделін түсіруге және мазақ етуге тырысып жатыр. Маратбек Мықтыбеков пен Бақтияр Артаев жағдайды түсінбей, тым көп жауапкершілікті өз мойнына алды. ҚБФ бұл жағдайды мұндай абсурдқа жеткізбей шеше алар еді. Бірақ олай жасамады. Менің үндеуімді видеодан тыңдаңыздар", - деп жазды Сәрсекбаев өзінің Instagram парақшасында.

"Әйелдер боксында сөзбен осындай “жекпе-жек” болып жатыр екен. Бақтияр Артаев саған Назым Қызайбайды дайындауыңды ұсынамын, мен Ангелина Лукасты жаттықтырамын. Сосын кім жеңетінін көреміз", - деді Сәрсекбаев.

Еске салайық, екі боксшының арасындағы дау Ангелина Лукастың Қазақстан чемпионатында Назым Қызайбайдан жеңіліп қалғанынан, кейіннен Токио олимпиадасына жолдама ала алмай қалғанынан басталған.