Бразилия футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионы атанды

0
136

Олар бұған дейін 1989, 1992, 1996, 2008, 2012 жылдары жеңіс тұғырына көтерілген еді.


Бразилия футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионы атанды

Фото: stadion.uz

ERNUR.KZ. Футзалдан Өзбекстанда өткен әлем чемпионатының ақтық кездесуінде Бразилия мен Аргентина жолықты, деп жазады inbusiness.kz.

Кездесуде алдымен Бразилия екі гол (Феррао 6, Рафа 13-минутта) соғып кетті. Ал 39-минутта аргентиналық Матиас Роза есеп айырмасын қысқартты.

Дегенмен таразы басын теңестіруге мүмкіндігі болған жоқ.

Осылайша, Бразилия Аргентинадан 2:1 есебімен басым түсіп, алты дүркін әлем чемпионы атанды.

Олар бұған дейін 1989, 1992, 1996, 2008, 2012 жылдары жеңіс тұғырына көтерілген еді.