Топтағы екінші кездесуде Сербия Александр Коларовтың жалғыз голының есесіне Коста Риканы 1:0 есебімен жеңді.
ERNUR.KZ. Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатында сенсациялар орын алуда. "Е" тобында Бразилия мен Швейцария құрама командалары "Ростов Аренада" кездесіп 1:1 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Матчта әлемнің ең қымбат футболшысы бар Неймардың отандастары бразилиялықтардың қиыншылықсыз жеңіске жетуі алдын ала айтылған болатын. Бірақ, еуропалықтар оларға қарсы жоғары деңгейде ойын көрсетті. Алайда бірінші голды бразилиялықтар соқты. Фелиппе Коутиньоның алыстан бағыттаған соққысы голмен аяқталды.
Екінші тайм басында таразы басы теңесті. Бұрыштама добынан соң Цубер басымен соққы бағыттап, гол авторы атанды. Соққы бағытталған кеззде швейцариялық футболшы ойын тәртібін бұзған болатын. Бірақ, төреші барлығы қағида бойынша соғылды деп голды есепке алды.
Қалған минуттарда қақпаларға басқа гол соғылмады, есеп - 1:1.