Бүгін футболдан Бірінші лигада 13-тур ойындары басталады

0
147

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.


Бүгін футболдан Бірінші лигада 13-тур ойындары басталады

Фото: Kffleague.kz

ERNUR.KZ. Аталған тур ойындары 10-11 шілде күндеріне белгіленген. Бүгін, 10 шілдеде «Ақтөбе-2» мен «SD Family» (Астана), «Екібастұз» (Павлодар облысы) бен «Хан тәңірі» (Алматы), AKAS (Алматы) пен «Тараз» ойнайды, деп жазады inform.kz.

Ал 11 шілдеде «Жетісай» (Түркістан облысы) мен «Академия Оңтүстік» (Шымкент), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Каспий» (Ақтау), «Қайрат-2» (Алматы) мен «Түркістан», «Ертіс» (Павлодар) пен «Алтай» (Өскемен) ойнайды.

Турнир кестесінде алғашқы екі орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысуға тікелей жолдамаға қол жеткізеді.
Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.
Он бір турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Шахтер», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.