​Бүгін Қазақстан футзал құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

0
83

Екі құрама тағы бір жолдастық кездеуді 15 сәуір күні өткізеді.


​Бүгін Қазақстан футзал құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

ERNUR.KZ. Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ақтау қаласында Әзірбайжанмен алғашқы жолдастық кездесуін өткізеді, деп жазады inform.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

ФИФА күнтізбесіне сәйкес отандастарымыз 5-15 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Какау бастаған отандастарымыз оқу-жаттығу жиыны аясында Ақтау қаласында Әзербайжан құрамасымен 13 және 15 сәуір күндері екі жолдастық матч өткізеді.
Қазақстан құрамасының тізімі
Қақпашылар: Лео Игита, Нарун Серіков («Ақтөбе»), Дәулет Затыбеков («Тұлпар»);
Алаңдағы ойыншылар: Эдсон, Біржан Оразов (екеуі – «Қайрат»), Арнольд Кнауб, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Ержан Карменов (екеуі – «Семей»), Азат Валиуллин («Аят»), Жахангир Рашит («Атырау»), Ақжол Дәрібай («Тұлпар»), Нұрсұлтан Таңатұлы, Дамир Қайырбай (екеуі – «Каспий»), Альберт Ақбалықов («Ақтөбе»), Ақеділ Мадияров («Байтерек»), Александр Дерябин («Тюмень», Ресей).
Екі құрама тағы бір жолдастық кездеуді 15 сәуір күні өткізеді.
Қазақстан чемпионатының 38-турындағы «Ақтөбеге» қарсы ойында «Қайраттың» ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов жарақат алды. Медициналық тексеру нәтижесінен кейін, Дәуреннің алдағы ойындарға қатыса алмайтыны анықталды.
Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы жарақат алған шабуылшының орнына «Каспий» клубының ойыншысы Нұрсұлтан Таңатұлын шақыру туралы шешім қабылдады.
Айта кетсек, ел құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатында өз тобында екінші орынды місе тұтты.
Алдымен Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады. Үшінші кездесуінде Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалса, өз алаңында аталған қарсыласын 7:3 есебімен тізе бүктірген еді. Бесінші ойында Албаниядан 4:2 есебімен басым түссе, дәл сондай есеппен сырт алаңда Арменияға есе жіберді.
Одан кейін плей-офф сатысында отандастарымыз Италия құрамасына (2:1, 2:3, пенальтиден 0:1) жол берді.