Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады.
Фото: «Қайрат» футбол клубы
ERNUR.KZ. Бұл турдағы ойындар 11 және 12 сәуір күндеріне белгіленген.Бүгін, 11 сәуірде төрт кездесу өткізілсе, 12 сәуірде төрт ойын болады, деп жазады inform.kz.
Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Тобыл» (Қостанай), «Ұлытау» (Жезқазған), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент) бар.
Премьер-Лига, ІІ тур ойындары:
11 сәуір
15:00. «Атырау» — «Қайсар»
16:00. «Жетісу» — «Елімай»
18:00. «Тобыл» — «Қайрат»
20:00 «Астана» — «Ордабасы».
12 сәуір
14:00 «Оқжетпес» — «Ертіс»
16:00 «Алтай» — «Ұлытау»
18:00 «Қызылжар» — «Жетісу»
19:00. «Ақтөбе» — «Каспий».
Төртінші турдан кейін «Қайрат» 10 ұпаймен көш басында келе жатса, одан кейінгі орындардағы «Елімай», «Ордабасы», «Оқжетпес» командаларының сегіз ұпайы бар.


