​Чемпиондар лигасы: «Барселона» өз алаңында «Атлетико Мадридке» есе жіберді

0
101

Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.


​Чемпиондар лигасы: «Барселона» өз алаңында «Атлетико Мадридке» есе жіберді

Фото: UEFA.com

ERNUR.KZ. Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы туры мәресіне жетті, деп жазады inform.kz.

Бұл кезеңге 1/8 финалда қарсыластарын қапы қалдырған «Спортинг», «Арсенал», «Реал Мадрид», «Бавария», «Пари Сен-Жермен», «Ливерпуль», «Барселона», «Атлетико Мадрид» командалары жолдама алған еді.

Жарыстың бұл кезеңінде «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Ливерпуль» (Англия), «Барселона» (Испания) мен «Атлетико Мадрид» (Испания) ойнады.
«Пари Сен-Жермен» мен «Ливерпуль» кездесуінде франциялық команда жауапсыз екі гол соқты. Оны Дезире Дуэ 11, Хвича Кварацхелия 65-минутта өзінің еншісіне жазды.
Ойын барысында «Пари Сен-Жермен» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.
Ал «Барселона» өз алаңында «Атлетико Мадридке» 0:2 есебімен есе жіберді. Мадридік клубтан Хулиан Альварес 45, Александр Сёрлот 70-минутта мергендік танытты.
Сондай-ақ 8 сәуірде «Реал Мадрид» (Испания) өз алаңында «Бавария» (Германия) клубына 1:2, «Спортинг» (Португалия) «Арсенал» (Англия) клубына 0:1 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, ¼ финалдың қарымта ойындары 14-15 сәуір күндеріне белгіленсе, жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда болады.
Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.