Бұл күні жанкүйерлер тарапынан «Барселона» (Испания) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) кездесуіне ерекше қызығушылық болды.
Фото: UEFA.com
ERNUR.KZ. Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші туры мәресіне жетті, деп жазады inform.kz.
Бұл күні жанкүйерлер тарапынан «Барселона» (Испания) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) кездесуіне ерекше қызығушылық болды.
Үздік қос команданың кездесуінде франциялық клуб 2:1 есебімен басымдық танытты. Кездесу барысында испаниялық клубтан Ферран Торрес 19-минутта есеп ашса, одан кейін «Пари Сен-Жермен» сапынан Сенни Маюлу 38, Гонсалу Рамуш 90-минутта екі гол соғып кетті.
Ойындар нәтижесі:
«Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) — «Ньюкасл Юнайтед» (Англия) 0:4
«Арсенал» (Англия) — «Олимпиакос» (Грекия) 2:0
«Карабах» (Әзербайжан) — «Копенгаген» (Дания) 2:0
«Монако» (Франция) — «Манчестер Сити» (Англия) 2:2
«Байер» (Германия) — ПСВ (Нидерланд) 1:1
«Боруссия Дортмунд» (Германия) — «Атлетик» (Испания) 4:1
«Барселона» (Испания) -«Пари Сен-Жермен» (Франция) 1:2
«Наполи» (Италия) — «Спортинг Лиссабон» (Португалия) 2:1
«Вильярреал» (Испания) — «Ювентус» (Италия) 2:2.
Еске салсақ, бұдан бұрын Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турының бірінші ойын күнінде «Бавария» сырт алаңда «Пафосты» жеңді.