​Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» мен «Бавария» тартысты ойын өткізді

0
76

Енді 29 сәуірде «Атлетико Мадрид» (Испания) — «Арсенал» (Англия) командалары кездеседі.


​Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» мен «Бавария» тартысты ойын өткізді

Фото: UEFA.com

ERNUR.KZ. Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы ойынында «Пари Сен-Жермен» (Франция) — «Бавария» (Германия) командалары кездесті, деп жазады inform.kz.

Жанкүйерлер бұл матчқа ерекше қызығушылық білдірді. Екеуі де жақсы ойын өрнегімен көзге түсіп келеді. Сондықтан кездесудің тартысты өтетіні белгілі еді.

Алғашқы минуттан қарсыластар ашық шабуылға көшті. Ойынның 17-минутында франциялық команда қақпасына белгіленген пенальтиден «Бавария» шабуылшысы Гарри Кейн мүлт кеткен жоқ.
Одан кейін «Пари Сен-Жермен» сапынан Хвича Кварацхелия 24, Жоау Невеш 33-минутта екі гол соқса, 41-минутта германиялық клубтан Майкл Олисе таразы басын теңестірді.
Ао 45-минутта франциялық командадан Усман Дембеле пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Дәл осындай қарқынды ойын екінші кезеңде де жалғасын тапты. Алдымен франциялық командадан Хвича Кварацхелия 56-минутта гол соқса, одан кейін Усман Дембеле 59-минутта тағы бір мәрте көзге түсті.
Ойынның 65-минутында «Бавария» сапынан Деотшанкюль Юпамекано мергендігімен қақпа торын тулатса, Луис Диас 69-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша «Пари Сен-Жермен» қарсыласынан 5:4 есебімен басым түсті.
Енді 29 сәуірде «Атлетико Мадрид» (Испания) — «Арсенал» (Англия) командалары кездеседі.