Чемпиондар лигасының соңғы турында “Қайрат” атақты “Арсеналға” қарсы матч өткізеді

0
78

Қос құрама арасындағы тартыс “Эмирейтс” стадионында өтеді.


Чемпиондар лигасының соңғы турында “Қайрат” атақты “Арсеналға” қарсы матч өткізеді

Фото:Stan.kz

ERNUR.KZ. Алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасының соңғы турында лондонның ”Арсеналына” қарсы ойнайды, деп жазады stan.kz.

Қос құрама арасындағы тартыс “Эмирейтс” стадионында өтеді.

Матч 28 қаңтардан 29 қаңтарға қарған түні сағат 00:55-те басталады.

Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының кестесінде “Арсенал” үздіктер көшін бастап тұр. Ал “Қайрат” ең соңғы орынға жайғасқан.

Жалпы, “Қайрат” Чемпиондар лигасындағы жорығында Кипрдің “Пафос” клубымен 0:0 есебімен тең ойнап, бір ұпайға ие болды. Ал қалған матчтарда “Спортингке” (1:4), “Реалға” (0:5), “Интерге” (1:2), “Копенгагенге” (2:3) және “Олимпиакосқа” (0:1) есе жіберді. Ал “Брюггеге” 4:1 есебімен ойсырай жеңілді.