Дания футболшысы ойын кезінде есінен танып қалды матч шұғыл тоқтатылды

0
161

Футболшының денсаулығы дәрігерлердің бақылауында.


Дания футболшысы ойын кезінде есінен танып қалды матч шұғыл тоқтатылды

Фото: sport-express

ERNUR.KZ. Кеше өткен Дания – Украина арасындағы жолдастық кездесу екінші таймның бел ортасында тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz.

Ойын барысында Дания құрамасының футболшысы Кристиан Эриксен кенеттен есінен танып қалды.

Оқиға 65-минут шамасында орын алып, осы жағдайдан кейін екі команда да матчты жалғастырмау туралы шешім қабылдады.

Матчтан кейін Дания тарапы Кристиан Эриксеннің жағдайы тұрақты екенін және дәрігерлердің бақылауында екенін хабарлады.

"Кристианның жағдайы жақсы, ол алаңнан өзі кетті. Меніңше, кардиостимулятор (жүрек ырғағын реттейтін құрылғы) өз септігін тигізді. Енді жағдайдың мән-жайын білу үшін қосымша тексерістен өтуі керек. Біз онымен де, аурухана дәрігерлерімен де байланыстамыз. Ол маған жағдайының жақсы екенін айтып, ойыншыларға сәлемін жолдауымды өтінді", – деп мәлімдеді ұлттық құраманың дәрігері Мортен Боэсен.

Айта кетейік, мұндай жағдай футболшының мансабында алғаш рет болып отырған жоқ. Бұған дейін ол Еуро-2020 турнирі кезінде де дәл осындай ауыр жағдайды бастан өткерген болатын.

Осы оқиғадан кейін Эриксеннің кәсіби мансабын аяқтауы мүмкін деген болжамдар айтылуда.