Спортшының неден көз жұмғаны белгісіз.
11 сәуір күні Қазақстанның дзюдо ұлттық құрамасының мүшесі Аэлита Щербакова қайтыс болды. Бұл туралы Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Спортшының неден көз жұмғаны белгісіз.
«Қазақстанның дзюдо федерациясы Аэлита Щербакованың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады», - делінген хабарламада.
Аэлита Щербакова 1995 жылғы 5 ақпанда Алматы облысында туған. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін Қазақстан чемпионы, әлемдік Гран-При кезеңінің қола жүлдегері (Ташкент, 2017), Азия кубогының күміс жүлдегері (Ақтау, 2018) болған.