​Дзюдодан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Азиадасын 14 медальмен аяқтады

0
155

Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, осы спорт түрінен бәсекелер екі күнге созылды.


​Дзюдодан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Азиадасын 14 медальмен аяқтады

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

ERNUR.KZ. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Манама қаласында өтіп жатқан (Бахрейн) жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында 4 алтын, 5 күміс және 5 қола алды, деп жазады inform.kz.

Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, осы спорт түрінен бәсекелер екі күнге созылды.

Ұлттық құрамадан Әділжан Нұрбекен (-50 кг), Бекәли Еркен (-66 кг), Фатима Сұпығалиева (-52 кг) және Айша Алтай (-70 кг) қарсылас шақ келтірмей, жарыс чемпионы болды.
Аслан Ерғалиев (-55 кг), Алуа Балтабай (-48 кг), Сейфіл Дәулеткерей (-73 кг), Шыңғысхан Тәңірберген (-90 кг) мен Әділжан Жаудинов (+90 кг) күміспен күптелді.
Ал Адия Жанахмет (-40 кг), Інжу Сахабадин (-44 кг) Інжу Жұмажан (-57 кг), Азима Серік (-63 кг) және Тоғжан Төлебай (+70 кг) Қазақстан қоржынын қола жүлдемен толықтырды.
Азия ойындарында дзюдо бойынша бәсекеге барлығы 31 елден 182 жас татами шебері қатысты. Жалпыкомандалық медаль кестесінде Қазақстан құрамасы 2-орынға ие болды.