Эдуард Ким Париждегі Әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

0
672

19 жастағы Эдуард көркем жүзу бойынша ел тарихында медаль иеленген алғашқы қазақстандық спортшы.


Эдуард Ким Париждегі Әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Ел қоржыны жүлдемен толықты. Эдуард Ким Парижде өтіп жатқан көркем жүзу бойынша Әлем кубогында екінші орынға ие болды, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстандық спортшы техникалық бағдарламада 213,8167 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды. Жарыста британдық Ранжу Томблин жеңіске жетті – 214,3966 ұпай. Үздік үштікті испаниялық Жорди Иглесиас түйіндеді – 213,5992 ұпай.

Бүгін, 1 наурыз күні спортшылар еркін бағдарламада жүлделі орындар үшін таласады. Бұл жарысқа 22 елден 167 спортшы қатысуда.

Айта кетейік, 2024 жылы Эдуард Ким Наргиза Болатовамен бірге аралас жұптар арасындағы (техникалық бағдарлама) әлем чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.