Ол Қазақстанды осы белбеуді алған бірінші қыз.
ERNUR.KZ. 23 жастағы Мөлдір Мекенбаева джиу-джитсудан қара белбеу алған Қазақстандағы бірінші қыз болды, деп жазады Vesti.kz.
"Қара белбеу алған Қазақстандағы бірінші қыз атағын алғандықтан эмоция басым. Сіздермен қуанышты жаңалығыммен бөліскім келеді. Қолдау үшін рахмет", - деп жазыпты ол.
Айта кетейік, Мекенбаева джиу-джитсудан екі дүркін әлем чемпионы. Ол 2016 және 2019 жылдары алтын жеңіп алған. Сонымен қоса, 2019 жылғы Азия чемпионатында күміс жүлде иеленді.