Екі қазақстандық төреші күрестен Париж Олимпиадасында қазылық етеді

0
439

Күрес түрлерінен Қазақстан құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар.


Екі қазақстандық төреші күрестен Париж Олимпиадасында қазылық етеді

ERNUR.KZ. Біріккен күрес әлемі (UWW) Париж Олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізімін жариялады, деп жазады inform.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, төртжылдықтың басты додасында төрелік ететін 50 қазының қатарына Қазақстанның екі өкілі Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай енген.

Айта кетейік, Лигай Токио Олимпиадасында да қазылық еткен болатын.

Еске салсақ, күрес түрлерінен Қазақстан құрамасының қоржынында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар. Грек-рим күресінен 4 балуанымыз Париждегі додаға барады. Ал, еркін күрестен қазақстандық балуандар Олимпиадада үш салмақта бақ сынайды.