ERNUR.KZ. АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалында Қазақстанның бірінші ракеткасы украиналық Элина Свитолинаны (№9 WTA) екі сетте қапы қалдырды – 7:5, 6:4, деп жазады Zakon.kz
Бұл жеңіс Рыбакинаны финалға шығарып қана қоймай, оның әлемнің екінші ракеткасы деген жаңа мәртебесін бекіте түсті.
Қазір Елена жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетіп, матчтың шешуші сәттерінде қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай жүр.
Алда басты кездесу. Бас жүлде үшін Елена тағы да өзінің негізгі қарсыласы – Арина Соболенкомен (№1 WTA) кездеседі.
Еске салайық, олардың кейінгі рет Australian Open финалындағы кездесуінде Елена жеңіске жетіп, чемпион атанған еді.


