Әуесқой шаңғы жарысын Самат Ерғалиев ашты, ол қатысушылармен бірге бір километрді жүріп өтті.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы шаңғы роллер трассасының аумағында қысқы спорт маусымының туы салтанатты түрде көтерілді, деп жазады inbusiness.kz.
Әуесқой шаңғы жарысын Самат Ерғалиев ашты, ол қатысушылармен бірге бір километрді жүріп өтті. Сонымен қатар, шара аясында еліміздің 17 қаласымен телекөпір ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында шаңғы жарысы, гір көтеру, армрестлинг, арқан тарту және белбеу күресі сияқты спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Елордада ауа райына қарамастан, жарысқа 600-ге жуық адам жиналды. Ал түрлі санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.