Эльжана Таниева Азия чемпионатындағы екінші алтынын жеңіп алды

0
453


Эльжана Таниева Азия чемпионатындағы екінші алтынын жеңіп алды

ERNUR.KZ. Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан қазақстандық Эльжана Таниева екінші алтынын жеңіп алды, деп жазады kaz.inform.kz.



Отандасымыз шығыршықпен жаттығудан 33,90 ұпай жинап, тағы да Азия чемпионы атанды. Бұл сында күмісті жапониялық Рейна Мацусака, қоланы қазақстандық Айбота Ертайқызы еншіледі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Эльжана Таниева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында көпсайыс қорытындысы бойынша 133.40 ұпай жинап, бас жүлдемен қатар, Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді. Бұл ел қоржынына түскен 50-ші жолдама.

Сонымен қатар бүгін тағы бір отандасымыз Айбота Ертайқызы лентамен жаттығу бойынша қарсылас шақ келтірмей, құрлықтық доданың бас жүлдесін қанжығасына байлады.