ФИФА президенті "Қайратқа" құттықтау хат жіберді

0
108

Айта кетейік, жақында Алматының "Қайрат" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 2025 жылғы маусымында чемпион атанған болатын.


ФИФА президенті

Фото: kff.kz

ERNUR.KZ. ФИФА президенті Джанни Инфантино "Қайрат" футбол клубын чемпион атануымен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Джанни Инфантино Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың атына ресми хат жолдаған.

"Осы хат арқылы Қазақстанның жаңа чемпионын - "Қайрат" футбол клубын құттықтауыма рұқсат етіңіз! Маусым бойғы тұрақты еңбегі мен көрсеткен нәтижесі лайықты жемісін беріп, осы маңызды титулға жеткізді. Командадағы әр ойыншыны және клубтың барлық мүшесін осы үлкен жетістікке байланысты құттықтаймын!" – деп жазады Инфантино.