Бұл ойын Қазақстан уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Фото: ҚФФ
ERNUR.KZ. Бүгін Астанада футболдан FIFA Series 2026 турниріінде екінші ойында Қазақстан құрамасы Комор аралдарымен кездеседі, деп жазады inform.kz.
Бұл ойын Қазақстан уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесуде мальталық Исмаэль Барбара бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Джеймс Мускат пен Данкан Спенсер көмектеседі.
Айта кетсек, отандстарымыз турнирдегі алғашқы ойында 25 наурызда Намибияны 2:0 есебімен жеңсе, Комор аралдары 28 наурызда Намибияға пенальтиден 4:5 есебімен жеңіліп қалды.
Комор аралдары футбол федерациясы 1979 жылы құрылған. Федерация 2000 жылы Африка футбол конфедерациясының құрамына енсе, 2005 жылы ФИФА мүшесі атанды.
ФИФА-ның ұлттық құрамаларға арналған жаңартылған рейтингінде бұл құрама 106-орында тұр.
1979 жылдың 26 тамызында Комор құрамасы алғашқы ресми матчын Үнді мұхиты аралдары ойындары аясында Маврикий құрамасына қарсы өткізіп, нәтижесінде 0:3 есебімен жеңілді.
Ал 2022 жылы Комор аралдары құрамасы Камерунда өткен Африка ұлттар кубогына алғаш рет қатысты. Сол турнирде команда өз тарихындағы ең үздік нәтижеге жетіп, 1/8 финалға дейін жетті.
2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінде олар Комор құрамасы бес рет жеңіп, бес рет жеңіліс тауып, іріктеу тобында төртінші орын алды.
Елдің басты стадионы – Нгазиджа аралында орналасқан «Стад Омниспортс де Малузини». Стадион 2019 жылы салынған және 14 053 көрерменге арналған.
Комордағы ең титулды клуб – «Коин Норд». Бұл клуб ел чемпионатын 7 рет жеңіп алған. Ал елдің қазіргі чемпионы – «Зилимаджу».
Комор құрамасының тарихындағы ең үздік бомбардир – Эль-Фарду Бен-Набуан. Ол француздың «Гавр», гректің «Олимпиакос», сербиялық «Црвена Звезда» және кипрлік АПОЭЛ клубтарында ойнаған. Ұлттық құрама сапында 19 гол соққан.
Ал құрама тарихындағы ойын саны бойынша рекорд Юссуф Якуб М’Чангамаға тиесілі. Ол ұлттық құрама сапында 63 матч өткізген.
Қақпашылар: Наим Саид Мчиндра («Тулуза B», Франция), Янник Пандор («Франс Борайнс», Бельгия), Адель Анзимати («Арарат», Армения);
Комор аралдары құрамасы
Қорғаушылар: Вармед Омари («Гамбург», Германия), Яннис Кари («Франс Борайнс», Бельгия), Кенан Тоибибу («Браво», Словения), Исмаэль Бура («Труа», Франция), Ахмед Сойлихи («Тулон», Франция), Аким Абдаллах («Генгам», Франция), Али Мохамед Абдаллах («Обань», Франция), Идрис Мохамед («Ле-Пюи», Франция);
Жартылай қорғаушылар: Ясин Бурхане («Арис», Кипр), Ияд Мохамед («Каса Пия», Португалия), Раян Утин («Амьен», Франция), Зайду Юссуф («Аль-Фатех», Сауд Арабиясы), Рауф Мроивили («Вильфранш», Франция);
Шабуылшылар: Фаиз Маттуа («Септември», Болгария), Али Абу-Бакар Абдаллах («Франс Борайнс», Бельгия), Саид Хуссейн Закуани («Аль-Зульфи», Сауд Арабиясы), Адель Махамуд («Эпиналь», Франция), Реми Вита («Тондела», Португалия), Заид Амир («Истр», Франция), Аймерик Ахмед («Шатору», Франция).


