Фируза Шарипова көктемде шаршы алаңға оралады

0
2 452

Оның қарсыласы ресейлік боксшы болады.


Фируза Шарипова көктемде шаршы алаңға оралады

ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова келесі жекпе-жегін Қазан қаласында өткізеді, деп жазады Vesti.kz.

Фируза Шарипова сәуір айында ресейлік Софья Очигаваға қарсы жекпе-жек өткізеді. Қос боксшы чемпиондық белбеуді сарапқа салады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз соңғы жекпе-жегін 30 қазанда өткізді. Сегіз раундтық жекпе-жекте ол сербиялық Сара Марьяновичті жеңді.