Футболдан биыл Қазақстан чемпионатының Бірінші Лигасында өнер көрсететін «Ақжайық» командасы маусым алдындағы дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында Түркияға аттанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Анадолыда команда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, құрамын нақтылайтын болады. Премьер Лигаға қайта оралуды мақсат ететін клуб жаттығу жиындары барысында бірнеше шетелдік командалармен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлаған. Сондай-ақ, қаралымға келген ойыншыларды да тексеріп көрмек. Оқу-жаттығу жиынына аттанған «Ақжайық» ойыншылары:
Қақпашылар: Александр Удалов, Сергей Ткачук.
Қорғаушылар: Бауыржан Омаров,Максим Литвинов, Арман Мұрат, Евгений Рафиков, Владимир Покатилов.
Жартылай қорғаушылар: Руслан Хаиров, Магоммед Оджиев, Шыңғыс Сапарбекұлы, Әділет Болатов.
Шабуылшылар: Алексей Мальцев, Ержан Ибрагимов, Даниил Кочнев.