​Футбол: Қазақстан құрамасының FIFA рейтингісіндегі орны жоғарылады

0
132

Бұл шешім ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі ойындарынан кейін қабылданды.


​Футбол: Қазақстан құрамасының FIFA рейтингісіндегі орны жоғарылады

Фото: ҚФФ

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде үш сатыға жоғарылады, деп жазады inform.kz.

Бұл шешім ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі ойындарынан кейін қабылданды.

Қазан айында Қазақстан құрамасы 115-орынға орнықты. Олар қыркүйек айында 118-орында тұрған еді.
Ұлттық құрама қазан айында Лихтенштейнді (4:0) жеңіп, Солтүстік Македониямен (1:1) тең түсті.
Отандастарымыз оған дейін Бельгия (0:6), Солтүстік Македония (0:1) және екі мәрте Уэльс (1:3, 0:1) құрамасынан жеңіліп, Лихтенштейннен екі мәрте (2:0) басым түсті.
Сондай-ақ Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең түсті.
Айта кетсек, қыркүйек айында Отандық белгілі маман Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқаратын болып бекітілді.
Еске салсақ, оған дейін Али Алиев футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді.