Бұл жаңа ереже келесі жылдан бастап енгізілуі мүмкін.
ERNUR.KZ. Алдағы уақытта кәсіпқой футбол ережесіне толықтыру енуі ықтимал, деп жазады vesti.kz.
The Telegraph мәліметінше, Футбол қауымдастықтарының халықаралық кеңесі уақытша шектеуді енгізуге дайын екенін хабарлады. Бұл жаңа ереже келесі жылдан бастап енгізілуі мүмкін.
IFAB қызыл қағаз көрсетуге жеткіліксіз, бірақ қатардағы ескерту үшін өте ауыр келетін тәртіп бұзушылық үшін футболшыны 10 минут уақытқа шеттеп отырмақ.
Бұған Джорджо Кьеллини мен Букайо Сака арасындағы Еуро-2020 матчіндегі оқиға мысал ретінде алынды. Ол кезде Италия құрамасының қорғаушысы англиялық ойыншыға қапталмен жүгіріп өтуге мұрсат бермей, жейдесінен тартып, жерге құлатқан болатын.
Бұл жаза қою сары түсті ескерту қағазының баламасы болады. Енді төрешімен келіспеген футболшыға да осындай жаза қолданылуы мүмкін.