Бұл өзгеріс 2025/2026 маусымынан бастап енгізіледі.
фото:Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. Футбол қауымдастықтарының халықаралық кеңесі қақпашыларға қатысты ережені өзгертті, деп жазады sputnik.kz.
Жаңа ережеге сәйкес, қақпашыға допты 8 секундтан артық уақыт ұстауға тыйым салынады. Одан асып кетсе, қарсылас команда бұрыштама доп соғады. Бұл өзгеріс 2025/2026 маусымынан бастап енгізіледі.
Бұған дейін жаңа ереже сынақтан өткізілді. Оның тиімділігі дәлелденді. Бұдан былай қақпашылар допты ұстап алып, уақытты соза алмайды.
Бұдан бөлек, ойын кезінде тек команда капитаны төрешіге өз нарызылығын айта алады. Ал төрешілер денеге тағылатын бейнекамерамен жүреді.
Айта кетері, 2025 жылы 14 маусымда өтетін FIFA-ның клубтар арасындағы әлем чемпионатын жаңа ереже бойынша өткізуге шешім қабылданды. Сол кезде төрешілердің бейнекамералары да қолданылады.