Колумбия қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, бір тур бұрйын плей-офф сатысына жолдама алды.
Фото: Fifa.com
ERNUR.KZ. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында K тобында Колумбия және Конго Демократиялық Республикасы құрамалары кездесті, деп жазады inform.kz.
Кездесу барысында қарсыластар алғашқы минуттан бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен діттеген мақсатына жете алмай жатты. Бірінші кезеңде таблодағы есеп өзгерген жоқ.
Екінші кезеңде де құрамалар дәл осындай қарқында ойынды жалғастырды. Десе де олар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмай жатты.
Ойынның 76-минутында колумбиялық Даниэль Муньос өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Осылайша Колумбия қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, бір тур бұрйын плей-офф сатысына жолдама алды.
Айта кетсек, бұдан бұрын бұл топта Португалия құрамасы Өзбекстанды 5:0 есебімен ойсырата жеңді.
Енді бұл топта үшінші тур ойындары 28 маусым күні өткізіледі. Бұл күні Өзбекстан - Конго ДР, Португалия - Колумбия құрамалары ойнайды.


