Футболдан Чемпиондар лигасында «Бавария» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті

0
846

Алғашқы күні А, В, С, D тобындағы командалар өзара шеберлік байқасты.


Футболдан Чемпиондар лигасында «Бавария» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші турының алғашқы ойын күні өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Алғашқы күні А, В, С, D тобындағы командалар өзара шеберлік байқасты.

Аталған турдағы бірінші ойын Германияда «Бавария» мен Чехияның «Виктория Пльзень» командалары арасында өтті. Кездесуде алаң иелері алғашқы минуттан басымдық танытты. Олардың қатарынан Лерой Зане 7, Серж Гнабри 13, Садио Мане 21-минуттарда көздеген нысанада мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңде «Бавария» сапынан Лерой Зане 51-минутта екінші голын соқса, Эрик Шупо-Мотинг 59-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша германиялық команда қарсыласын 5:0 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесіндегі жағдайын одан әрі жақсарта түсті.

Аталған турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:

А тобы: «Ливерпуль» (Англия) - «Глазго Рейнджерс» (Шотландия) 2:0, «Аякс» (Нидерланд) - «Наполи» (Италия) 1:6

В тобы: «Порту» (Португалия) - «Байер» (Германия) 2:0, «Брюгге» (Бельгия) - «Атлетико Мадрид» (Испания) 2:0

С тобы: «Бавария» (Германия) - «Виктория Пльзень» (Чехия) 5:0, «Интер» (Италия) - «Барселона» (Испания) 1:0

D тобы: «Марсель» (Франция) - «Спортинг Лиссабон» (Португалия) 4:1, «Айнтрахт» (Германия) - «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия) 0:0

Аталған турдағы қалған төрт топтың ойындары бүгін, 5 қазанда жалғасады.