Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Армениядан неге жеңілгенімізді айтты

0
235

Қазақстан мен Армения арасындағы матч 8 маусымға қараған түні Ереванда өтті.


Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Армениядан неге жеңілгенімізді айтты

ERNUR.KZ. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы Руслан Балтиев Арменияға қарсы жолдастық ойындағы сәтсіздіктерге қатысты түсініктеме берді (1:2), деп жазады zakon.kz.

Оның айтуынша, ойыншыларға қарсы ешқандай шағым жоқ, әрине, қателіктер болды, бірақ барлығы бар күш-жігерімен беріле ойнады.

"Біз Қазақстан құрамасының бір де бір футболшысына шағымдана алмаймыз, әрине ойынға жұмылу жағынан. Иә, кейбір қателіктер болды, бірақ бәрі беріліп ойнады. Екі эпизодта мүмкіндікті жоғалтып алып, оны сәтті жүзеге асыра алмадық. Бүгінгі ойынның нәтижесін осылайша қысқаша бағалауға болады деп ойлаймын", – деді Балтиев.

Оның пікірінше, барлығын сәтсіздікке жатқыза алмайсыз, дегенмен сәтсіздікке ұшыраған сәттер де бар.

"Гол соғуға болатын жеткілікті сәттер туғызды, бірақ оны соңына дейін жүзеге асыра алмады. Мұның барлығын сәтсіздікке жатқызғым келіп тұрғаным жоқ. Мүмкін бір жерде шеберлігіміз жетіспеген болар, ал тағы бір жерлерде шынымен де жолымыз болмады".

Сонымен қатар Балтиев біздің жас футболшылардың болашағы зор деп санайды.

"Біз қауіпті сәттердің бірлі-жарымын пайдалансақ жетіп жатыр еді. Алайда, қақпаның бағанасы мен маңдайшасы алаң иелеріне жұмыс істеді. Алаң иелері болған соң өзі сондай болады. Армения жылдам гол салып, психологиялық басымдық болды. Енді еңсе тіктей бергенде екінші гол кіріп кетті. Негізі, жеңуге болатын ойын еді. Мұндай матчтарда жастарды шығарып бір тексеріп алғанымыз жөн. Өйткені жолдастық матч сол үшін де керек. Мысалы, бүгін футболшыларға еш сын таға алмаймын. Олар алаңда барын салды. Көп шабуылдап, жеңе алмадық. Ал кейде екі шабуыл жасап, екі гол салуға болады. Футбол сонысымен де қызық қой", - деп сөзін қорытындылады ұлттық құрама жаттықтырушысының міндетін атқарушы.

Қазақстан мен Армения арасындағы матч 8 маусымға қараған түні Ереванда өтті.