Турнир кестесінде германиялық құрама небәрі үшінші орынды қанағат тұтып тұр.
ERNUR.KZ. Футболдан UEFA Ұлттар лигасы бесінші турының екінші ойын күні аяқталды, деп жазады inform.kz.
Бұл күнгі ойындар арасында А дивизионы үшінші тобындағы Германияның өз алаңында Венгрияға 0:1 есебімен жеңіліп қалуы жанкүйерлер қызығушылығын туғызды. Турнир кестесінде германиялық құрама небәрі үшінші орынды қанағат тұтып тұр. Аталған топтағы тағы бір кездесуде Италия Англияны 1:0 есебімен сүріндірді.
Сондай-ақ, С дивизионы төртінші тобындағы Грузия алдағы маусымда В лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Бұл жаңалық олардың өз алаңында Солтүстік Македонияны 2:0 есебімен жеңгеннен кейін белгілі болды. Аталған топта Болгария Гибралтарды 5:1 есебімен тізе бүктірді.
Аталған турдағы ойын нәтижелері төмендегіше:
А дивизионы. Үшінші топ. Германия - Венгрия 0:1, Италия - Англия 1:0
В дивизионы. Үшінші топ. Босния мен Герцоговина - Черногория 1:0, Финляндия - Румыния 1:1
С дивизионы. Төртінші топ. Грузия - Солтүстік Македония 2:0, Болгария - Гибралтар 5:1
D дивизионы. Екінші топ. Эстония - Мальта 2:1
Енді бесінші тур 24 қыркүйек күні мәресіне жетеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын бесінші турдың алғашқы ойын күні өтті.