Футзалдан жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Тәжікстанды жеңді

0
305

Енді екі құрама 24 тамызда тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.


Футзалдан жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Тәжікстанды жеңді

ERNUR.KZ. Футзалдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізді. Кездесу барысында ел құрамасынан Біржан Оразов, Дәурен Тұрсагұлов және Ақжол Дәрібайдың тепкен доптары қақпаға дәл тиді, деп жазады inbusiness.kz.

Осылайша қазақстандық футзалшылар 3:0 есебімен басым түсті.

Енді екі құрама 24 тамызда тағы бір мәрте жолдастық кездесу өткізеді.

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 5 тамыз күні Алматы қаласында басталды. Футболшыларды бабына келтіру процесін қамтитын бірінші кезең 18 тамызға дейін жалғасты.