​Гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы Азия ойындарында Үндістаннан басым түсті

0
88

Топтық кезеңдегі кезекті ойында отандастарымыз Үндістан құрамасымен кездесті.


​Гандболдан Қазақстан қыздар құрамасы Азия ойындарында Үндістаннан басым түсті

Фото: ҰОК

ERNUR.KZ. Қазақстан қыздар құрамасы гандболдан Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп жазады inform.kz.

Топтық кезеңдегі кезекті ойында отандастарымыз Үндістан құрамасымен кездесті.

Бірінші кезең 19:15 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде де басымдығын сақтаған Қазақстан құрамасы матчты 39:26 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Осылайша Қазақстан қыздар құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарындағы екінші жеңісіне тойлады. Бұған дейін олар Гонконг құрамасын қапы қалдырған болатын.