«Жұмыс аяқталды. Жекпе-жек аптасына дайынмын» - деп жазды Геннадий.
ERNUR.KZ. Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жекке сақадай сай, деп жазады ҚазАқпарат.
Әлеуметтік желіде Геннадий дайындық залында түсірілген видео жариялап, оған «Жұмыс аяқталды. Жекпе-жек аптасына дайынмын» деп жазды.
Еске сала кетейік, Головкин — Деревянченко кездесуі 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Былғары қолғап шеберлері орта салмақтағы IBF және IBO әлем чемпионы белдігін сарапқа салады.
Қазақстанда «Qazsport» телеарнасынан тікелей көрсетілім жүргізіледі.