Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларды қолдау үшін Италияға барды

0
564


Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларды қолдау үшін Италияға барды

ERNUR.KZ Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан лицензиялық турнир өтіп жатқан Бусто-Арсициоға (Италия) барды, деп жазады BAQ.KZ.



Аталған сында 2024 жылғы Олимпиада ойындарына барлық салмақта лицензия ойнатылып жатыр. Турнирде ерлер мен әйелдер командасы бақ сынауда.

ҰОК басшысы шешуші жекпе-жектер кезінде қазақстандық боксшыларға қолдау көрсетеді. Бұл Геннадий Головкиннің ҚР ҰОК президенті қызметіне сайланғалы бергі алғашқы ресми сапары.

Айта кетелік, 9 наурыз күні үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты. Валентина Хальзова ширек финалға жолдама алып үлгерді.