Бүгін boxingscene.com порталы бұл кездесуге қатысты ақпаратты нақтылады.
ERNUR.KZ. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) келесі кездесуін алдағы жарты жылдың ішінде өткізуі мүмкін, деп жазады vesti.kz.
Бұған дейін Головкиннің орта салмақта WBA нұсқасы бойынша рейтингте бірінші тұрған кубалық боксшы Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жекпе-жек өткізуге келісім бергені айтылды. Бүгін boxingscene.com порталы бұл кездесуге қатысты ақпаратты нақтылады.
"Комитет ұсынысты қанағаттарды. Егер Головкин "Канелоны" жеңгенде бес күннің ішінде (23 қыркүйекке дейін) қай салмақтағы белбеуін қорғағысы келетінін айтар еді. Енді ол орта салмақтағы белбеуін қорғайды. Ал міндетті қарсылас - Эрисланди Лара. Екі боксшыға да 120 күн уақыт берілді. Осы уақытта олар жекпе-жек туралы келісімге келу керек", - деп жазады дереккөз.